Қазақстан Вьетнам нарығын астық, ұн және етпен қамтамасыз етпек
pexels.com
Өткен жылы қазақ-вьетнам елдері арасындағы тауар айналымы 85,4%-ға өскен
Астанада Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Диен екі ел арасындағы сауда айналымын нығайту жолдарын талқылады.
Арман Шаққалиев өз сөзінде қазақ-вьетнам елдері арасындағы өзара сауда жыл сайын оң динамика көрсетіп отырғанын айтты. Өткен жыл тауар айналымының 85,4%-ға өсуімен аяқталды.
Сауда және интергарция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан 96,9 миллион доллардан асатын 35 тауар позициясы бойынша Вьетнамға экспортты арттыруды көздеп отыр. Бұл:
- металлургия
- мұнай-химия
- тамақ өнеркәсібі
- химия өнеркәсібі
- машина жасау сияқты салалардағы тауарлар
Осы тұрғыда Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру мәселесі қазіргі таңда Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында талқылануда.