ШҚО әкімі Ұлттық ұланның Бас қолбасшысымен кездесті
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековпен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы Ұлттық ұланның облыс тұрғындарының тыныштығын қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы еңбегіне жоғары баға беріп, алғысын білдірді.
Өз кезегінде Аңсаған Балтабеков өңірдегі бөлімшелердің қызметін одан әрі жетілдіру және материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.


