KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Бүгін Шығыс Қазақстанда тұман мен жел күтіледі

depositphotos.com

21.10.2025, 08:30 166 Базарова Айгүл

"Қазгидромет" Шығыс Қазақстан филиалының мәліметінше, 21 қазан күні өңірдің солтүстігінде тұман түсіп, оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15–18 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Мұндай метеорологиялық жағдайларда жол қозғалысына қатысушылар сақтық шараларын күшейтуі тиіс. Автокөлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін сақтау, қашықтықты ұлғайту және шамдарды уақтылы қосу ұсынылады. Жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін аса мұқият болғандары жөн.

Желдің қатты соғуы кезінде шіріген немесе жалғыз тұрған ағаштардың жанында жүрмеу, көлікті қауіпті аумақтарға қоймау, сондай-ақ сымдар мен бос тұрған заттарға жақындамау қажет.

Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Төтенше жағдайлар кезінде Бірыңғай құтқару нөмірі – 112.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу