ШҚО-да дауылды ескерту: 26 қыркүйекте тұман мен үсік күтіледі
stock.adobe.com
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, 26 қыркүйек күні түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтілуде. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: "Жолдарда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтау, әсіресе тұман кезінде, өте маңызды. Желдің қатты екпіні кезінде ескі және жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыз. Сымдар мен шайқалып тұрған заттарға жақын бармаңыз."
Ақпараттық көмек алу үшін тұрғындарға «Дәрмен» мобильді қосымшасын жүктеу ұсынылады.