Республика күні Өскеменде кең ауқымда тойланады
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту жолындағы ең маңызды мерекелердің бірі – Республика күні. 25 қазан — халқымыздың мемлекет ретінде тарихи таңдау жасап, егемен елдің негізін қалаған сәтін айшықтайтын ерекше дата, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Республика күні – ұлттық бірліктің, тәуелсіз ойдың және азат рухтың мерекесі.
1990 жылы дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданды. Бұл құжат елдің саяси және экономикалық дербестігін жариялап, болашақ Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық іргетасын қалады.
2022 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесіне қайта ие болды. Бұл – ұлттың жаңаруын, мемлекеттілігіміздің сабақтастығын және тәуелсіздік идеясының мәңгілігін дәріптейтін күн.
Республика күніне орай Өскеменде өтетін іс-шаралар:
24 қазан 11:00 - «Шапандар шеруі», «TARBIYA» ұлттық киім дүкенінің ашылуы (Сол жағалау кешені)
25 қазан 11:00–12:00 - «Бабалар рухы», суретшілер көрме-байқауы (Өнер музейі)
25 қазан 11:00–14:00 - «Шығыс Қазақстан облысы табиғаты», Шығыс Қазақстанның көркем жерлеріне арналған фотокөрме (Арбат алаңы)
25 қазан 11:00–14:00 - «Бірлігі жарасқан Қазақстан», мерекелік іс-шара (Қ.Қайсенов атындағы этнопарк)
25 қазан 11:00 - «Отанның орны жүректе», «Оқырман трамвайында» мерекелік акция
25 қазан 11:00–14:00 - «Күмістің сырқы мен жарқылы», көрме (Тарихи-өлкетану музейі)
25 қазан 12:00 - «Қыран ел – Қазақстан!», мәдени-мерекелік бағдарлама («Император» сауда үйі)
25 қазан 13:30–18:00 - «Елімнің еркін рухы», шығармашылық ұйымдардың қатысуымен мерекелік іс-шара («MAXI MALL» сауда үйі)
25 қазан 16:00 - «Мәңгілік жасай туған елім», фольклорлық-этнографиялық «Алтай» ансамблінің концерті («Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығы)
25 қазан 17:00 - «Рухы биік – Республика», Республика күніне орай театр әртістерінің концерт-спектаклі («MAXI MALL» сауда үйі)