KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Қайта жаңғырған қастерлі мереке

gov.kz

24.10.2024, 15:10 39 Төлеуғазы Жансая

Егемен ел тарихына үңілсек Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланған. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.

Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып,  Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егемендігі мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік  бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Алайда, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні ұлттық мереке болып жарияланып, ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Бұл күн жұмыс күніне айналды.

2022 жылдың 16 шілдесіндегі Ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты  мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанныңегемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылданған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталды. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді.Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек»,- деді Президент.

Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға  25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітілді.

 


Өскемен қаласының мамандандырылған

тергеу сотының

бас маманы - сот отырысының

хатшысы  

А.Куашпаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу