«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы: 2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады
depositphotos.com
2027 жылға қарай Қазақстан халқының барлығы интернетпен қамтылатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталған. Бұл елдегі интернеттің орташа жылдамдығын 94 Мбит/с дейін арттыруға мүмкіндік берді.
2026 жылдың соңына дейін тағы 3000-нан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу көзделген. Осылайша ауылдардың 90%-дан астамы сымды технологиялар арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады.
Жалпы инвестиция көлемі 323 млрд теңгені құрайды. Шағын ауылдардың қалған 10%-ы спутниктік технологиялар арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар мобильді желілердің қамтылуы артады. 4G желісі барлық елді мекендердің 92%-ына дейін жетеді, ал 5G желісі облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалада енгізіліп, қалалардың 60–75% аумағын қамтиды.
2027 жылдың соңына дейін 40 мың шақырым автожол бойы 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі.
Алаяқтықпен күресу шаралары да күшейтіліп жатыр.
