Жыл соңына дейін 88 ауыл мобильді интернетпен қамтылады – ШҚО
фото: torrent.weacom.ru
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШҚО-дағы 363 елді мекеннің 172-сі мобильді интернетпен қамтылған, оларда 691,8 мың адам тұрады (94,7%). 38,4 мың адам (5,3%) тұратын қалған 191 ауыл ғаламторға кезең-кезеңмен қосылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері облыстың 7 елді мекені сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.
Жыл соңына дейін тағы 88 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 16 ауылда облыстық бюджеттен бөлінген 1,3 млрд теңгеге 19 антенна-діңгек құрылысы салынады.
Сондай-ақ «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында республикалық бюджет есебінен мемлекеттік мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарлануда, бұл телекоммуникациялық қызметтердің сапасын жақсартады.
Мобильді интернетпен қамту үшін облыстың республикалық маңызы бар жолдары бойында 30 антенна салу жұмыстары басталды.