KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 1 м/с, С
504.76 593.8 6.5

Өскеменде «Газель» көлігі арқылы түрмеге байланыс құрылғысын кіргізбек болғандар құрықталды

depositphotos.com

22.10.2025, 17:30 193 Базарова Айгүл

№22 түзеу мекемесін күзететін Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің қызметкерлері қырағылық танытты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты аталған әскери бөлімнің көлік құралдарын бақылау тобы түзеу мекемесіне кірмек болған «Газель» көлігінен тыйым салынған заттарды анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.

Ұландықтар металл іздегіш құрылғы арқылы жүк көлігіндегі өндіріске арналған құрал-жабдықтарды жіті бақылау нәтижесінде заң бұзушылықтың алдын алды.

«Әскери қызметшілер жүк көлігін тексеру барысында жүк салғышта қаз-қатар тізілген тігін машиналарын байқады. Машиналардың төменгі жағында орналасқан қозғалтқыштар ұландықтарға күдікті болып көрінді. Қозғалтқыштың жабындысын ашқан кезде байланыс құрылғыларының жасырылғаны анықталды», — деді 6699 әскери бөлімінің тексеру тобының бастығы, кіші сержант Рүстем Кабдиев.

Тексеру нәтижесінде жүк салғыштағы тігін машиналарының бірінен 7 дана SIM карта, 8 дана ұялы телефон және 4 дана қуаттау құрылғысы табылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу