KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Өскеменде түрмеге көкнәр лақтырмақ болған күдікті ұсталды

depositphotos.com

9.09.2025, 15:00 227 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі №16 түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған азамат құрықталды. Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға түзеу мекемесін патрульдеу барысында орын алған. Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы күдікті "Л." есімді азаматты қолға түсірді. Тексеру кезінде оның салмағы бір келіден асатын көкнәрді сотталғандарға жеткізбек болғаны анықталды.

Тәркіленген өсімдік тектес жасыл зат бойынша акт жасалып, ұсталған азамат тиісті құзырлы органдарға тапсырылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу