Қолайсыз метеожағдай: Өскемен мектептері қалыпты режимде жұмыс істеуде
Өскемен қаласындағы қолайсыз метеожағдайға байланысты тұрғындар тарапынан түскен сауалға ШҚО білім басқармасы жауап беріп, облыс орталығындағы барлық мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп жатқандығын жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқу процесін тоқтату туралы шешім Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы ұсынған ресми метеорологиялық мәліметтер негізінде қабылданады.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдары қалыпты режимде жұмыс істеуде. Сабақтарды тоқтатуға негіз жоқ делінген басқарма мәліметінде.
«Алдағы уақытта ауа райы қолайсыз болған жағдайда оқу процесін уақытша тоқтату мәселесін жергілікті атқарушы органдар қарайтын болады. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жағдайды бақылауда ұстап, барлық өзгерістер туралы ақпараттарды ресми дереккөздер арқылы жедел хабарлап отырады», - деді ШҚО білім басқармасы бөлімінің жетекшісі Әсел Бұлжанова.
Оқи отырыңыз
Мүмкіндік болса балалардың балабақшаға бармағаны дұрыс - ШҚО басқарма басшысыАлматыдағы жер сілкінісі: Халықты жинау пункттері ашылып жатырШҚО-дағы су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұрӨскемен мен Риддерде II дәрежелі "НМУ"ШҚО-дағы арнайы мектеп директорының міндетін атқарушы жауапкершілікке тартылады

