KZ
Өскемен
+19°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, С
513.68 583.03 6.24

Алматыдағы жер сілкінісі: Халықты жинау пункттері ашылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі

23.01.2024, 09:45 132

Қаланың әр ауданында ТЖ халықты жинау нүктелері жұмыс істеуде, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты BAQ.KZ – ке сілтеме жасап.

Бұл: ең қатал құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер мен ЖОО сынды ұйымдар.

Бекеттер туралы барлық деректер Алматы 2ГИС платформасында бар. Қосымшаға «Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп енгізген кезде картада тұрғындарға арналған барлық қабылдау пункттері көрінеді. Мұндай деректер Алматы қаласы ТЖД мен аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында бар, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктің қызметкерлері жинау пункттерінде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ барлық стационарлар, перзентханалар, жедел медициналық жәрдем ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды.

Жалған ақпарат таратпауларыңызды өтінеміз. Барлық деректер тек Алматы қаласы ТЖД ресми сайтында жарияланатын болады, - дейді ведомство өкілдері.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу