KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
502.27 597.15 6.57

Республика күні: Өскеменде өтетін мәдени-қоғамдық іс-шаралар 

23.10.2025, 18:00 225 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында Республика күніне орай кең ауқымды мәдени және қоғамдық шаралар легі басталып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мерекелік бағдарлама Өскемен қаласының ең көрікті жерлері мен алаңдарын қамтиды – мұражайлар, этнопарк, сауда және ойын-сауық орталықтары мен саябақтар.

Мерекелік апта 17 қазан бастау алған уақыттан бері Оралхан Бөкей атындағы кітапханада (Славский атындағы жағалау, 22) Қазақ киносының апталығы өтіп жатыр.

Ал жұма күні, 24 қазанда

сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында (Тоқтаров көшесі, 47а) қалалық кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Осы күні сағат 11:00-де Сол жағалау кешенінде (Сәтпаев даңғылы, 79А) шапандар шеруі және «TARBIYA» ұлттық киімдер дүкенінің ашылуы өтеді. 

Сағат 16:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) Республика күніне арналған өңір өнерпаздарының қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылады.

Мерекелік басты іс-шаралар 25 қазан күні өтеді. 

сағат 8:00-ден бастап «Алтай» сауда-ойын-сауық орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) және «ДосНар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері;

сағат 11:00-де Тәуелсіздік монументі жанында (ЖМК, Қазыбек би және Есенберлин даңғылдарының қиылысы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Ту көтеру салтанаты;

сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Шығыс Қазақстан өнер мұражайында жергілікті суретшілердің «Бабалар рухы» атты көрме-байқауы;

сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Арбатта Шығыс Қазақстанның көрікті жерлеріне арналған фотокөрме және қолөнер бұйымдарының көрмесі;

сағат 11:00-ден 14:00-ке дейін Қасым Қайсенов атындағы этнопаркте «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік бағдарлама;

сағат 11:00-ден 14:00-ке дейін тарихи-өлкетану мұражайында «Күмістің сиқыры мен жарқылы» экспозициясы;

сағат 12:00-де «Император» сауда үйінде «Қыран елім – Қазақстан» атты мәдени бағдарлама басталады;

сағат 13:30-дан 18:00-ге дейін Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Елімнің еркін рухы» атты мәдени бағдарлама;

сағат 16:00-де «Алтай» сауда орталығында фольклорлық-этнографиялық «Алтай» ансамблінің «Мәңгілік жаса, туған елім!» атты концерті;

сағат 17:00-де Maxi Mall орталығында «Рухы биік Республика» атты театрландырылған концерт-қойылым.

Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мерекенің басты мақсаты – ұлттық бірлікті нығайту, мәдени дәстүрлерді сақтау және тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу