Өскеменнің жолдарын қысқа дайындауда
Өскеменде «Таза Өскемен» мамандары қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын күшейтті. Басты мақсат – жол жабынының сапасын сақтап, аяз бен көктайғақ кезеңінде оның бұзылуына жол бермеу, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандар жоспарлы жөндеу жұмыстарын мереке күндері, көлік қозғалысы азайған уақытта жүргізіп жатыр. Бұл – жол қозғалысына қатысушылар үшін ыңғайсыздықты азайтып, процесті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қазір ең маңызды бағыттардың бірі – асфальттағы жарықтарды бітеу. Температураның күрт ауытқуы мен ылғалдың әсерінен пайда болатын сызаттар уақытында жөнделмесе, кейін шұңқырға айналып, жолдың толықтай бұзылуына әкелуі мүмкін.
Жарықтарды жөндеу жұмыстары заманауи әдіспен атқарылады: алдымен сызаттар тазартылады, содан кейін ыстық битуммен құйылады. Бұл әдіс асфальттың беріктігін ұзақ уақыт сақтап, су мен мұздың енуінен қорғайды. Соңғы кезеңде өңделген жерлерге құм себіліп, битумның көлік дөңгелектеріне жабысып қалуының алдын алуда.
Бұл жұмыстар қаланың көшелері мен жол желісін қысқы жағдайда қауіпсіз әрі сенімді пайдалануға мүмкіндік береді және температураның күрт өзгерісі кезінде жолдың бұзылу қаупін азайтады.
Фото: «Таза Өскемен»


