Семейдегі аспалы көпір жөндеуден кейін қайта ашылды
stock.adobe.com
Семей қаласындағы Ертіс өзенінің үстінен өтетін аспалы көпірде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, бүгінде көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі таңда көпірдің екінші бөлігінде де жөндеу жұмыстары толық аяқталып, көлік қатынасы ашылды. Бұған дейін құрылысшылар көпірдің бірінші бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ол кезең сәтті аяқталған болатын.
Айта кетейік, бұл — 25 жылдан кейін алғаш рет қолға алынған күрделі жөндеу. Жоба аясында жол жабыны толық ауыстырылып, тірек конструкциялары нығайтылды. Сонымен қатар, жарықтандыру жүйесі мен қауіпсіздік элементтері жаңартылды.
Көпір жөндеу кезеңінде қаладағы қозғалысқа уақытша өзгерістер енгізілген еді. Енді көлік қатынасы қалыпты режимге көшті.
Жергілікті тұрғындар көптен күткен бұл жаңалықты оң қабылдап, қалаішілік көлік қозғалысының айтарлықтай жеңілдегенін айтуда.