KZ
Өскемен
-25°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
514.31 603.03 6.4

1 қараша қар аралас жаңбыр болады – ШҚО

1.11.2025, 09:00 193 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының деректері бойынша, 1 қараша күні өңірде ауа райы тұрақсыз болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Кей жерлерде аздаған жаңбыр, ал таулы аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Желдің бағыты ауыспалы, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Өскемен қаласында да желдің күшеюі күтіледі — екпіні 15–20 м/с, күндіз 23 м/с дейін.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады:

  • Автокөлік жүргізушілері жолда мұқият болып, жылдамдықты азайтуы қажет;
  • Жаяу жүргіншілер жел кезінде ғимараттардың ішіне кіріп тұрғандары дұрыс;
  • Ағаштардың, жарнама қалқандары мен үйлердің қабырғаларының маңында паналамаңыз;
  • Үзілген сымдар мен бос тұрған заттарға жақындамаңыз;
  • Көліктерді шіріген немесе ескі ағаштардың астына қоймаңыз.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда бірыңғай құтқару қызметінің 112 нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу