Өскеменде Үлкен Нарын ауданының жәрмеңкесі өтті
Үлкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері облыс орталығына ет, бал, сүт және өзге де табиғи өнімдерін алып келді. Жәрмеңке қонақтары сапалы әрі табиғи таза өнімдерді төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгін Өскемен қаласында демалыс күнгі дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл жолы өз өнімдерін Үлкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алып келді. Ауа райының бұлтты болғанына қарамастан, қала тұрғындары жәрмеңкеге таңертеңнен бастап жинала бастады.
Оның айтуынша, мұндай шаралар кәсіпкерлер үшін өнімдерін қысқа уақыт ішінде тиімді бағамен өткізуге үлкен мүмкіндік береді.
Ол сондай-ақ ұйымдастырушыларға қолдау көрсетіп, арнайы орын бөлгендері үшін алғысын білдірді.
Жалпы жәрмеңкеге Үлкен Нарын ауданының алты ауылдық округінің өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер қалаға бір тоннадан астам жылқы, екі тоннадан астам сиыр, 500 келі қой етін, сондай-ақ бал, пантоөнімдер, қымыз және басқа да тауарларды жеткізді.
Мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында аудан өнерпаздары концерттік және ойын-сауық бағдарламаларын ұсынды.
Елизавета Седых
Фото/видео: Жалғас Сакадиев





