KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
517.66 606.49 6.44

Өскеменде Зайсанның жәрмеңкесі өтіп жатыр

25.05.2024, 09:00 328 Назерке Каримова

Сенбілік жәрмеңкеге облыс орталығына Зайсан ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері келді.

Жәрмеңке әдеттегідей "ТНП" СҮ аумағында өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда, - деп хабарлады Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі. - Кезекті жәрмеңкеге Зайсан ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлері қатысуда. Қала тұрғындары тауарларды тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15% төмен бағамен сатып ала алады.


Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 14.00-ге дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу