Өскеменде жоғалған 14 жастағы қыз табылды
Өскемен қаласында полицейлер үш күн бойы іздестірілген 14 жастағы мектеп оқушысын тапты, деп хабарлайды Altainews.kz ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
30 қазан күні «102» арнасына жасөспірімнің анасы хабарласып, қызы дүкенге шығып кеткеннен кейін үйге оралмағанын айтқан. Оқиға туралы ақпарат алынған сәттен бастап іздестіру жұмыстарына полицияның толық жеке құрамы жұмылдырылды.
Кәмелетке толмаған қызды бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы анықтау мүмкін болды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, жақын арада ата-анасына тапсырылатын болады.
Полицейлер жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізеді.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларға мұқият болуға және осындай жағдай орын алған кезде өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, бірден «102» нөміріне хабарласуға шақырады.
Фото: ШҚО ПД