KZ
Өскемен
-17°
ясно Штиль
504.6 594.27 6.48

Өскеменде коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

5.11.2025, 11:30 146 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстанда күн райы құбылып түнде Өскеменде қар жауып, ауа температурасы күрт төмендеді. Көшелердегі көктайғақтың салдарынан жол қозғалысы қиындады. Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығының коммуналдық қызметі тәулік бойы жолдарды мұздан тазалау, құм себу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz

Қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Таза Өскемен» мекемесінің барлық жедел қызметтері көктайғақтың алдын алу және жою жұмыстарына кірісті. Алғашқы кезекте көпірлер мен еңістер, көлік қозғалысы қарқынды бағыттар және жаяу жүргіншілер көп жүретін аймақтар қамтылуда.

Мамандардың айтуынша, жұмыстар профилактикалық сипатта жүргізілуде. Мұз түзілу қаупін барынша азайту мақсатында тайғаққа қарсы материалдар тек нақты қажетті учаскелерге ғана себілуде.

Қалалық әкімдік жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауды, ал жаяу жүргіншілерден абай болып, табаны тайып кетпейтін аяқ киім таңдауды сұрайды.

Сұрақтар мен өтініштер бойынша тұрғындар 8 777 331 85 36 нөмірі арқылы диспетчерлік қызметке хабарласа алады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу