KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 3 м/с, ОБ
514.31 603.03 6.4

Алтайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланы абаттандыру жалғасуда - ШҚО

6.11.2025, 14:00 384 Базарова Айгүл

Алтай қаласында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясындағы игі істер қарқын алып келеді. Қаланы көркейтуге, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жуырда Тохтаров көшесінде орнатылған заманауи ақпараттық стенд — осы бастамалардың бір көрінісі. Көшенің келбеті жаңарып, тұрғындарға тың серпін сыйлаған жоба жұртшылық тарапынан жылы қабылданды.

— «Енді көше әлдеқайда реттелгендей әсер қалдырады. Осындай ұсақ-түйекке де мән беріліп жатқаны көңіл қуантады», — дейді Тохтаров көшесінің тұрғыны Айжан Қасенова.

Тұрғындардың тағы бірі Александр Прокопенко мұндай бастамалардың тәрбиелік мәніне де тоқталды:

— «Ақпараттық стендтер қаланың ажарын ашып қана қоймай, тәртіп сақтауға ықпал етеді. Айнала күтімде болса, адамдар да ұқыптылыққа бейімделеді», — дейді ол.

Қала әкімі Сергей Охременконың айтуынша, абаттандыру жұмыстары бұдан әрі де жалғасады.

— «Басты мақсатымыз – Алтайды таза, көрікті әрі тұрғындарға қолайлы қалаға айналдыру. ‘Таза Қазақстан’ бағдарламасы билік пен халықты ортақ іске жұмылдырып, нәтижеге бірге жетуге мүмкіндік береді», — деді әкім.

Алдағы уақытта қала көшелерінде қосымша жасыл аймақтар отырғызылып, шағын сәулет нысандары мен қалалық дизайн элементтері жаңартылмақ.

Алтайдың ажарын арттырып, тынысын жаңғыртқан мұндай істер – тек әкімдіктің емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу