Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
depositphotos.com
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан облысының аумағында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz еліміздің Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың көптеген аудандарында жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде –3...–8°С, күндіз 0...–5°С шамасында болады.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, алыс сапардан бас тартуға, көліктердің арақашықтығын сақтауға және жылы киінуге кеңес береді.
Оқи отырыңыз