Шығыс Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болады
Pixabay
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан облысында ауа райы тұрақсыз болады. Өңірде қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.
Желдің екпіні секундына 15–25 метрге дейін жетуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, боран кезінде жол көрінісі нашарлап, көлік қозғалысы қиындауы ықтимал.
Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына жолда аса сақ болуға, көлік жылдамдығын төмендетіп, қашықтық сақтауға және ауа райы болжамдарын мұқият қадағалауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз