Алтай ауданында Ашық есік күні өтті: 233 тұрғын медициналық тексеруден өтті
Бүгін Алтай ауданының тұрғындары үшін ауданаралық ауруханада кезекті Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні аудан халқы мамандардың кәсіби кеңесіне жүгініп, тегін диагностикалық тексерулерден өту мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Іс-шара аясында терапевт, эндокринолог, оториноларинголог (ЛОР-дәрігер), гинеколог секілді мамандар қабылдау жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындарға ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) мен электрокардиограмма (ЭКГ) қызметтері ұсынылды. Бір күн ішінде 233 адам тексеруден өтіп, қажетті медициналық кеңес алды.
Ашық есік күніне келген азаматтардың пікірлері де оң. Қала тұрғыны Галина мұндай шаралар тұрғындар үшін аса маңызды екенін айтады.
Келушілердің бірі Клара Дроздова да шараның тиімділігіне тоқталды.
Ал Сандуғаш Адрахманова шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
Ауданаралық аурухананың бас дәрігері Ашық есік күнінің басты мақсаты — медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, ауруларды ерте кезеңде анықтау екенін атап өтті.
Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев та шараға оң бағасын берді. Оның айтуынша, мұндай форматтағы жұмыстар халықтың медицинаға деген сенімін арттырып, уақытылы диагностика жүргізуге жол ашады.
Шара кезінде дәрігерлер тұрғындарға аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, денсаулықты бақылау, қажет болған жағдайда профильді мамандардан әрі қарайғы тексеруден өту жөнінде ұсыныстар берді.
Ашық есік күні Алтай ауданы тұрғындары мен медицина қызметі арасындағы байланысты нығайта түсіп, профилактикалық медицинаның маңызын айқындаған маңызды шара болды.
Фото: Алтай ауданы әкімдігі