KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Шығыс Қазақстан емханаларында бірыңғай ашық есік күні өтті

12.12.2023, 10:49 127 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікке қарсы күрес жөніндегі ұлттық бастама аясында бірыңғай ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл күні облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының және өңір емханаларының мамандары пациентте тегін кеңес берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше,  бірыңғай ашық есік күні аясында жеті жүзден астам адам маман кеңесін алған. Мәселен облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының өзіне жүзден астам адам келіп қаралған.

«Облыс тұрғындары жоғары білікті онколог-дәрігерлерден кеңес алып, тексеруден өтті. Жиырма бес ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Қырық үш пациенттен өзге де патология. Оларға қосымша тексеруге жолдама берілді», - деп мәлімдеді онкологиялық орталық мамандары.

Ал облыс орталығындағы №2 емханаға 60-қа жуық адам келген.

«Біз емханаға бекітілген тұрғындарды Ашық есік күніне қатысуға шақырдық. Бұл күні 60-қа жуық адам келді. Диагностикасы мен зерттеу тегін жүргізілді», - деді №2 қалалық емхананың СӨС кабинетінің медбикесі Әйгерім Альмирқызы.

Дәрігерлер пациенттерге скрининг пен профилактикалық тексеруден уақтылы өту қажет екенін ескертті. 45 жастан асқан әйелдер, 50 жастан асқан ер адамдар жылына бір рет онкологтарға қаралғаны жөн дейді мамандар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив