Онкологиялық орталықтағы ашық есік күніне 90-нан астам адам келді
instagram/onkocenter_vko
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүт безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ашық есік күніне 90-нан астам адам келді. Әрбір әйел онколог-маммологтың тексеруінен өтіп, тиісті ұсыныстар алды. Көрсеткіштер бойынша орталық мамандары сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізді, қажет болған жағдайда пункция немесе трепан биопсиясын алды. Сонымен қатар, облыстың МСАК ұйымдарында сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығына орайластырылған ашық есік күндері өтті.
Онкологтар қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау емдеу болжамдарын айтарлықтай жақсартатынын атап өтті. 40 жасқа дейінгі әйелдер жылына бір рет сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуінен, 40 жастан кейін екі жылда бір рет маммографиядан өтуі керек. Сондай-ақ, ай сайын кеудені тексеріп отыру қажет және кез келген күдік пен шағым болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу маңызды.