KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Цифрлық гигиена: өзіңді алаяқтардан қалай қорғауға болады

depositphotos.com

25.11.2025, 18:15 129 Базарова Айгүл

Дербес деректердің жоғалуы оларды үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануына алып келуі мүмкін. Киберқылмыскерлер банктік шоттар мен жеке ақпаратқа қол жеткізу үшін фишингті қоса алғанда, әртүрлі схемаларды қолданады. Тәуекелдерді азайту үшін қарапайым цифрлық гигиена ережелерін сақтау маңызды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ешкімге жібермеуге, банк картасының толық деректемелерін, әсіресе CVV-кодты, SMS-кодтар мен құпиясөздерді жария етпеуге кеңес береді. Күмәнді сілтемелер арқылы өтуден аулақ болыңыз және тексерілмеген көздерден лицензиясы жоқ қолданбаларды орнатпаңыз.

- Құрылғыларыңызды үнемі тексеріп отырыңыз: антивирусты жаңартыңыз, спам мен күдікті хаттарды жойыңыз, қажетсіз жөнелтушілерді бұғаттаңыз және кэшті тазалаңыз. Деректердің жария болу қаупін азайту үшін қажетсіз таратылымдар мен сервистерден бас тартыңыз, - делінген агенттік таратқан баспасөз парақшасында.

Мамандар әртүрлі аккаунттар үшін бірдей құпиясөзді пайдаланбауды ескертеді. Күрделі құпиясөз кемінде 10 таңбадан – әртүрлі тіркелімдердің әріптері, цифрлар мен арнайы белгілер комбинациясынан тұруға тиіс.

Жалпыға қолжетімді Wi-Fi желілері арқылы интернет-банкингке кірмеңіз: олар көбіне қауіпті болуы мүмкін.

- Өздерін банктің, әлеуметтік қызметтердің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған жағдайда да, белгісіз адамдарға ешқашан жеке деректеріңізді бермеңіз, - дейді мамандар.


Айна Бакимбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу