«Кең дала 2»: фермерлерді қаржыландыру басталды
Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала 2» негізгі мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруды ресми түрде бастады. Қаржыландыру көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін жеңілдетілген несиелер арқылы ерте қаржыландыру форматында жүргізілуде. Бұл қадам елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызды шара болып саналады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» негізгі мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруды ресми түрде бастады. Қаржыландыру көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін жеңілдетілген несиелер арқылы ерте қаржыландыру форматында жүзеге асырылуда. Бұл қадам елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызды шара болып саналады. Бағдарлама жарияланғаннан кейін аграрлық қоғамдастық тарапынан жоғары қызығушылық байқалды. Қазіргі уақытта «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 82,3 млрд теңгенің 694 өтінімі қабылданды.
Бағдарлама фермерлерге жаңа егіс маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді: жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштар, тұқымдар, өсімдік қорғау құралдарын тиімді бағамен сатып алу, техниканы уақтылы жөндеу және өндірістік шығындарды оңтайландыру. Бұл тәсіл тәуекелдерді азайтып, өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Қаржыландыру ерекшеліктеріне жылдық 5%-бен жеңілдетілген несие беру, кепілдік жүктемесін азайту (несие сомасының 85%-ы «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы – «Даму» КДҚ» АҚ кепілдігімен қамтамасыз етіледі, қалған соманы фермер өзі қамтамасыз етеді) және қаражатты Аграрлық несие корпорациясының филиалдары, кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы алуға мүмкіндік беру жатады. Сонымен қатар, несиелер нарықтан тартылған қаражат есебінен беріледі, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтады.
«Кең дала» бағдарламасының жеңілдетілген несиелеу көлемі жыл сайын өсіп келеді: 2023 жылы 140 млрд теңгені құраса, 2025 жылы 500 млрд теңгеден асты. Бұл көрсеткіш бағдарламаның тиімділігін және фермерлерге қолжетімділікті айқын дәлелдейді. Бағдарламаны іске асыру ауыл шаруашылығы секторында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, өндірістік шығындарды азайтуға және жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Бәйтерек» Холдингі мен оның еншілес ұйымдары отандық АӨК-ті қолдаудың тұрақты және жүйелі механизмін қалыптастырып, фермерлерге сенімді қолдау көрсетіп отыр.
Алдағы уақытта бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемін әрі қарай арттыру, жеңілдетілген несиелерге қолжетімділікті кеңейту, фермерлерге арналған кепілдік механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ АӨК өнімділігін арттыру және өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жұмыстары жалғасатын болады. «Кең дала 2» бағдарламасы ауыл шаруашылығы саласында стратегиялық маңызды рөл атқарады және фермерлердің жаңа егіс маусымына толық дайын болуына мүмкіндік береді.