Қысқы туризм: Шығыс Қазақстанда тау шаңғысы маусымы басталады
6 желтоқсанда Шығыс Қазақстанда тау-шаңғы курортында жаңа қысқы маусымның ресми ашылуы өтеді. Қонақтарды спорттық іс-шаралар, мерекелік бағдарлама және жергілікті дәмдерден құралған кең көлемді іс-шара күтіп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz.
ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мәліметі бойынша 2025 жылғы 6 желтоқсанда «Алтайские Альпы» тау-шаңғы курортында қысқы маусымның ашылуы өтеді. Шара сағат 10:00-де басталып, барлық жастағы демалушыларға арналған кең бағдарламамен жалғасады.
Қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылып, құнды сыйлықтар мен сертификаттар ойнатылады. Сондай-ақ, жергілікті өнімдердің дәм татуы ұсынылады. Балалар мен ересектер түрлі байқауларға қатысып, аниматорлармен бірге көңіл көтере алады.
Курорт қонақтарына шаңғы, сноуборд және стюбпен сырғанау, садақ атудан тир, ит жегілген шаналар және арнайы безендірілген фотозоналар қолжетімді болады.
Шара барысында палау, кәуап, ыстық сусындар сияқты тағамдар ұсынылып, келушілерге қысқы демалыстың ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік жасалады.
Ұйымдастырушылар шараға барлық келушілерді шақырып, жаңа маусымды бірге бастауды ұсынады.