Әлеуметтік қолдау мен жолдар: Самардағы өзекті мәселелер
Самар ауданының тұрғындарымен кездескен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жиналғандарды аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Самар ауылындағы мәдениет үйінде өткен іс-шарада тұрғындар тарапынан аудан өміріне қатысты көптеген сұрақ қойылды. Атап айтсақ, кездесуде білім беру, инфрақұрылымның жай-күйі, жолдарды жөндеу, әлеуметтік қолдау, ат спортын дамыту, туристік бизнес үшін жер учаскелерін беру мәселелері көтерілді. Кездесуге қатысқан облыстық басқармалардың өкілдері барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап беріп, шешімнің негізгі жолдарын белгіледі.
Кездесуден кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды жеке қабылдады. Онда көтерілген барлық мәселе тіркеліп, облыс басшылығы мен аудан әкімдігінің бақылауына алынады. Нұрымбет Сақтағанов өзекті мәселелерді шешу билік пен халықтың өзара іс-қимылын, сондай-ақ алдағы жұмысты нақты жоспарлауды талап ететінін атап өтті.