KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді

15.01.2021, 16:57 224

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді, хабарлайды ҚазАқпарат.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Онда Президент Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді ұсынған болатын.


Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірді.


«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив