KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Жергілікті атқарушы органдар грантына құжат қабылдау жүріп жатыр

12.08.2022, 16:43 161

Жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарына құжат қабылдау мерзімі 10 тамызда басталды. Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарайды, - деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметі. 
Ведомство мәліметінше, құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктен немесе олардың ресми сайтынан алуға болады.

"Жыл сайын мамандарды мақсатты даярлауға жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бюджетінен білім беру гранттары бөлінеді. Әкімдіктердің гранттары конкурстық негізде тағайындалады. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын талапкерлерге ерекше көңіл бөлінеді.
Еліміз бойынша жергілікті атқарушы органдар 3 мыңға жуық грант бөлді. Негізінен, әкімдіктерге педагогтер, медицина қызметкерлері және ауыл шаруашылық саласының мамандары қажет", - делінген хабарламада. 

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері биыл бакалавриатта мамандарды оқытуға тапсырыс жасамаған. Алматы және Павлодар облысының әкімдіктері өңірдің жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қажеттілігін ескере отырып, облыстық бюджет қаражатынан тек магистратура мен резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша гранттар бөледі.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • білімі туралы құжат;
  • ҰБТ сертификаты;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жеңілдік санатын растайтын құжаттар.

"Грантты тағайындау туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі", - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу