KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Мәжбүрлі еңбекке тартылғандар жалғыз басты қарттарға көмек көрсетіп жатыр – Үржар

20.01.2021, 17:22 164

ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар №2 пробация қызметі бөлімінің есебіндегі бас бостандығын шектеу жазасындағылар күніне төрт сағаттан атқарылатын мәжбүрлі еңбекті жалғыз басты қарттарға көмек көрсетумен өткеріп жатыр.

Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған А., жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып аулаларын қардан тазартып, отындарын жарып көмек көрсетуде.

«Мен ішімдік ішу үшін ұсақ ұрлықтар жасап сотты болдым. Осы жасаған қылмысым үшін сот үкімімен тағайындалған жазамен, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарудамын, бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды деп санаймын. Күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбекті атқарып жүргенімде, мен сот үкімімен тағайындалған әрбір жаза заң талабына сай толық қанды орындалатына көз жеткіздім. Ендігіде құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеймін» - деп жасаған қылмысына өкініш білдіретіндігін айтты

Қаратума ауылдық әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп атқарылған бұл іс-шараға Қаратума ауылының тұрғыны жалғыз басты қарт ана: 

«Ауламызды қардан тазартып, отынымызды жарып дайындап беруі біздер үшін үлкен көмек.Сондықтан ауданымыздағы пробация қызметінің қызметкерлеріне және әкімдіктің қызметкерлеріне осындай қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырып жүргендеріне шексіз алғыс білдіреміз» - деп ризашылығын білдірді

 

 

ШҚО бойынша ҚАЖД

Үржар аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің

аға инспекторы әділет аға лейтенанты  Дидар Серікболұлы Баженов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив