KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ҚХП: Әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру қажет

29.12.2020, 11:05 136

Қазақстан халық партиясының өкілдері дүкен аралап, отандық өнімнің көлемі мен сапасын саралады. Мәжіліс депутаттығына үміткерлер азық-түлік бағасын өсірмеуді ерекше қадағалау керектігін атап өтті.

«Халықтікін сатып ал» акциясы аясында депутаттыққа кандидаттар қазақстандық өндірушілердің өнімін сатып алды. Партия мүшелерінің айтуынша, пандемия уақытында отандық тауарлардың бағасы айтарлықтай шарықтаған. Ал үкіметтің жұмыссыз қалғандарға берген 42 500 теңгесі азық-түлікке жетпейді. Сондықтан Халық партиясы әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру қажет деп санайды. 

- Біз әсіресе отандық өнім өндірушілерге қолдау білдіргіміз келеді. Ал дүкен сөрелеріндегі тауарлардың басым көпшілігі қазақстандық өнім болғанын қалаймыз. Оған қоса шаруа қожалықтары өнімдерін көбейтуге, жерді жалға беру мәселесіндегі кедергілерді жою жағын қарастырған жөн деп санаймыз, - дейді Қазақстан халық партиясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков. 




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив