KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерін сынға алды

15.03.2022, 16:27 246

«Түйеқұс саясатымен айналыспаңдар» деді облыс әкімі қала мен аудан тұрғындарының алдындағы кездесуін қорытындылап, нәтижесіне саралаған жиында.  
Бүгінгі таңда халық пен жергілікті атқарушы билік арасындағы диалогтың мүмкіндігі ең маңызды мәселе болып отыр. Алайда, кейбір қала, аудан әкімдері бұған немқұрайлы қарап, дәрменсіздік танытып, облыс басшысына арқа сүйеуге тырысады. Әкім келіп, барлық мәселелерді шешеді деп күтеді. Сондықтан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін облыста әрбір елді мекенге басқарма басшылары, ШҚО әкімінің орынбасарлары және қалалар мен аудандар әкімдері қатарынан кураторлар бекітілетін болады.

- Әр ауылға барып, тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау керек, - деді Даниал Ахметов. Алдағы үш жылға кураторлар тағайындалып, олар қалыптасқан жағдайға сәйкес жекелеген елді мекендерді дамытудың нақты жоспарын әзірлеуге тиіс.

Өңір басшысы сондай-ақ мәселелерден қашпауға, жасырмауға, олардың барын мойындап, шешу жолдарын іздеу керектігін баса айтты. Атап айтқанда, кейбір елді мекендерді тұрақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Облыс билігі өз тарапынан қосымша мұнаралар немесе антенналар орнатуға дайын, бірақ жағдайды мұқият талдау қажет.

- Азаматтардың әл - ауқатын жақсарту,әрқайсымыздың міндетіміз, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, жиында Өскемен мен Семей қалаларында индустриялық аймақтарды дамыту және жайылымдық жерлерді тікелей пайдалануға қайтару жайы да сөз болды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу