Президент биліктің үлкен кемшілігін атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси кадрларды даярлауды қайта қарау қажет деп санайды, - деп абарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ретте Тоқаев өңірлердегі партия активін оқыту үшін көшпелі тренингтерді жүйелі негізде өткізіп тұру қажет екенін айтты.
"Біздің партия кадрлар ұстаханасына айналып, сайлаушылармен жұмыс істей білетін қазіргі заман саясаткерлері мен мемлекеттік қызметшілерді даярлауға тиіс. Ашығын айтқанда, бүгінде бізде саяси менеджерлерді дайындау жұмысы ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар әртүрлі мамандық өкілдерімен, жастармен, журналистермен, халықтың атынан шығатын барлық адаммен сөйлесе білуі керек. Мұндай адамдар бізде аз емес", - деді Тоқаев "Аманат" (бұрынғы Nur Otan) партиясының кезектен тыс XXII съезінде.Президент жас қазақстандықтарға мемлекеттік қызметте көтерілуге жол берілмеуі қоғамның маңызды проблемасы екенін атап өтті.
"Біз жас және қабілетті кадрларға жол бермейміз, бұл біздің үлкен кемшілігіміз. Партия құрылымында саяси менеджмент академиясы жұмыс істейді, оның жұмысын айтарлықтай күшейту қажет. Біржолғы семинарлар мен тренингтерден депутаттар, әкімдер мен министрлерді дайындаудың толыққанды бағдарламасына көшкен жөн", - деді мемлекет басшысы.
Бұл ретте Тоқаев өңірлердегі партия активін оқыту үшін көшпелі тренингтерді жүйелі негізде өткізіп тұру қажет екенін айтты.
Оқи отырыңыз