22.02.2022: қанша қазақстандық ерекше датада неке қиюға өтініш білдірді
eGov электрондық үкімет порталына 22 ақпанда неке тіркеуге 800-ге жуық өтінім келіп түсті.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлағандай, қазақстандықтар арасында ерекше дата төңірегіндегі дүрлікпе әлі де байқалады. Мәселен, 1 ақпанда неке тіркеуге небәрі 14 өтініш түскен.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлағандай, қазақстандықтар арасында ерекше дата төңірегіндегі дүрлікпе әлі де байқалады. Мәселен, 1 ақпанда неке тіркеуге небәрі 14 өтініш түскен.
"Әдемі" даталар әрдайым жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы, 2022 жылдың 1 ақпанында egov.kz порталы арқылы барлығы 14 өтінім түсті. Ал бүгін 779 өтінім жіберді", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ PR басқармасының бастығы Әсем Исабекова.
Оқи отырыңыз