KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

«Онлайн неке» атты байқау басталды

3.02.2020, 06:13 148

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  «Онлайн неке» атты байқауды бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау республика көлемінде ЭЦҚ көмегімен өтініш бере отырып, жақын арада некесін тіркеген жұптар арасында өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін орындайтын шарттар өте оңай. Ол үшін:

- Өздеріңіздің танысу хикаяларыңызды, некені тіркеуге онлайн-өтініш бергеніңіз және ХҚО-ға бармай-ақ мемлекеттік қызметті алғаныңыз жайлы пост жазып, әсерлеріңізбен бөліссеңіздер болғаны.

- "Азаматтық үкіметті" постта белгілеп, байқаудың нәтижесі шыққанға дейін аккаунтты ашық қалдырыңыз.

Байқаудың қорытындысы 14 ақпанда шығарылады. Үш жеңімпаз таңдалады. Басты жүлдегер ең көп лайк саны бойынша анықталады. Тағы екі жеңімпаз дауыс беру әдісімен таңдалады екен.

- Жүлделер әрі пайдалы, әрі жағымды болатынына сеніңіздер! - дейді корпорацияның баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив