42500 теңгені алуға қанша адам өтініш берген?
Қазақстанда миллионнан астам адам 42 500 теңге алуға өтініш берді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов айтты.
– Бізге наурызда өтініштерді қабылдауға 18 сағат берілді. 28-29 наурызда eGov порталы арқылы жарты миллион қазақстандықтың өтініші келіп түсті. Оның ішінде электрондық нұсқада – 101 144 өтініш, ал жаңа 42500.enbek.kz сервисі арқылы – 402 621 өтініш. Бұл жаңа сервис сол кезде электрондық цифрлық қолтаңбасыз бір күн жұмыс істеген болатын, – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қазір өтініштертің көбеюі себепті Telegram-боттар іске қосылған.
– Өтініштердің көбеюі себепті аймақтарда 18 Telegram-бот іске қосылды. Қазір осы боттар 515 мың өтініш қабылдады: «1414» бот арқылы – 45 мың, аймақтарда 470 мыңнан астам, – дейді Әсет Тұрысов.
Оның айтуынша, елде өтініш берушілерге 600 мың SMS жолданды.