ШҚО: Қатты аязға байланысты бірқатар аудандар қашықтықтан оқиды
Қатты аязға байланысты ШҚО-дағы бірқатар мектептер қашықтықтан оқытуға көшті.
Атап айтқанда, Алтай, Катонқарағай, Самар және Күршім аудандарының оқушылары бүгін қашықтықтан оқиды, деп хабарлады Altaynews тілшісі.
Күршім ауданында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендеген. Қатты аязға байланысты аудан мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары толықтай қашақтықтан оқытуға ауысты.
Самар ауданыда да температура бағаны -35 градусты көрсетті. Бірінші ауысыма оқитын барлық мектептің балалары толықтай онлайн режимге ауысқан.
Алтай ауданында қашықтықтан оқыту бүгін Бородино, Чапаев, Тұрғысын, М.Бикетов, Средигорное, Первороссийское орта мектептерінде бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары бүгін мектепке бармайды.
Ал, Алтай, Жаңа Бұқтырма, Зубовкс, Маяк, Соловьево, Леснопристань, Путинцево, Быково, Дородница мектептерінде бірінші, екінші мауысымның 0-9 сынып оқушылары, Октябрьск, Первомайское, Никольск, Новокрестьянка, Подорленок, Крестовка және М.Харин мектептерінде 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды.
Катонқарағай ауданында ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендегендіктен 22 мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Ақсу, Новополяковка, Корбихин мектептерінің 0-11 сынып оқушылары, Өрел, Кіші Нарым, Аршаты, Солдатов, Топқайың, Новохайрузовка, Шыңғыстай, Рыков, Ластаев, Жұлдыз, Алтынбел, Үштөбе мектептерінде 0-9 сынып оқушылары және Жамбыл, Үлкен-Нарын, Дамитов Белкарағай, Үшбұлақ мектептерінде 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Тарбағатай ауданында да 23 мектепте сабақ онлайн форматқа ауыстырылған.