KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Өскеменде 7 заманауи мектеп бой көтереді

13.12.2022, 10:16 829 Ләззат Қанатқызы

Бұдан былай еліміздегі білім ордалары жаңа үлгілік жоба бойынша салынатын болады. Сондай-ақ бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блокта бөлініп оқуы мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әр баланың жан-жақты дамып, білім алуы үшін "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы қолға алынғанын айтқан болатын. Сондай-ақ бұл жоба мектептегі орындар тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі уақытта елімізде 400 мыңнан астам оқушы орны жетіспейтін көрінеді. 2026 жылға қарай туу коэффициентін ескеретін болсақ бұл көрсеткіш миллионға жетуі мүмкін. Осы мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде жаңа білім беру мекемелері салынады

- Жаңа мектептер әлемдік стандартқа сәйкес салынып, сапасы мен жабдықтары да басқалардан өзгеше болмақ. Шығыс Қазақстан облысына «Жайлы мектеп» жобасы аясында 10 мектеп салынбақ. Айта кету керек, олардың басым бөлгі Өскемен қаласында болады. Жоспар бойынша 8 мыңнан астам оқушыға жаңа орын ашылады, - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, облыс орталығында бірден 7 жаңа білім ордасы бой көтермек. Жаңа мектептер ең заманауи жабдықтармен жабдықталып, барлық кабинеттер мен спорт залдар қамтамасыз етіледі. Бастауыш және жоғары сыныптар бөлек блоктарда оқып, асханалары, жуынатын бөлмелері мен спорт залдары да бөлек орналасуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу