KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Миллионға жуық адам зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсаған

Фото: ашық дереккөз

25.05.2023, 11:25 298

1 миллионға жуық бірегей өтініш берушілер зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және емделуге пайдаланды.

Өздеріңізге белгілі, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға шектеусіз рет пайдалана алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– 2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 361 040 өтінішін орындады. Отандастарымыздың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,35 млн теңге. Бірегей өтініш берушілер саны – 692 936 адам. Осылайша, кейбір салымшылар (алушылар) біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй алу құқығына бірнеше рет пайдаланған, – деді қордың облыстық фидиалының директоры Марат Сейітқалиев.

Бұл бағытта Алматы (17,55%), Астана қалаларының (13,96%) және Маңғыстау облысының (10,31%) тұрғындары белсенділік танытқан. www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде азаматтардың біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерді қандай мақсаттарға беретіні, оның ішінде өңірлер бөлінісі ("Біржолғы зейнетақы төлемдері мақсаттары бойынша" және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімшелері) бойынша ақпарат орналастырылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу