Оқушылар мектепке бармайды – ШҚО

фото: 1obl.ru
Шығыс Қазақстан облысында аяз күшейе түсті. Сол себепті оқушылар сабағы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, 14 желтоқсанда Өскемен қаласында, Күршім және Алтай аудандарында екі ауысым бойынша 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды.
Сондай-ақ Зайсан, Тарбағатай, Глубокое, Самар, Ұлан, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында 1 ауысымның 0-11 сыныптары онлайн форматта оқиды.
Оқи отырыңыз