KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Бұл референдум – еліміздің болашағына жасалған маңызды қадам» - Шәкәрім Бұқтығұтов

6.10.2024, 12:27 193 Төлеуғазы Жансая

2024 жылғы АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумда Қазақстанның барлық аймағында жоғары белсенділік байқалуда. Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Шәкәрім Сабырұлы Бұқтығұтов өзінің азаматтық борышын орындап, дауыс берді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Депутаттың айтуынша, бұл референдум еліміздің болашағын айқындайтын маңызды оқиға. Шәкәрім Сабырұлы өз пікірін білдіре отырып, халықтың белсенді түрде қатысуы елдің дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Бұл дауыс беру – Қазақстанның прогресс жолымен, халық үніне құлақ асатын мемлекеттің жолымен жүріп жатқандығының айғағы. Мемлекет басшысының бастамасы ел халқының пікіріне негізделгені өте маңызды. Бұл шешім еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, экономикамыздың дамуына ықпал етері сөзсіз. Сондықтан мен бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Халықтың әр дауысы маңызды, өйткені бүгінгі таңдауымыз ертеңгі күннің бейнесін қалыптастырады», – деді Шәкәрім Сабырұлы.

Шәкәрім Бұқтығұтов елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін айтты. Депутаттың пікірінше, елдің болашақ дамуы үшін халықтың қатысуы мен жауапкершілігі өте маңызды.

Сондай-ақ, дауыс беру учаскелерінде азаматтардың белсенділігі жоғары деңгейде екенін айта кеткен жөн. Халық таң атысымен дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Жергілікті комиссия өкілдері дауыс берудің әділ әрі ашық өтіп жатқанын алға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу