KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Вице-министр совет мультфильмдерін қазақшалап көрсету туралы: Ұсыныс оң шешімін табады

Мультфильмнен кадр

8.10.2024, 22:00 110 Төлеуғазы Жансая

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенат депутаты Жанна Асанованың совет заманындағы мультфильмдерді қазақшалап қайта көрсету туралы ұсынысы келер жылдың бюджетіне енуі мүмкін екенін айтты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап

Еске салсақ, сенатор Жанна Асанова «Масс-медиа туралы» заңды талқылау совет мультфильмдерін қазақшалап экранға шығару мәселесін көтерген болатын.

«Совет мультфильмдерін әлі пысықтап жатырмыз. Қазір бюджет қаралып жатыр ғой, келесі жылдың қаржысын пысықтап жатырмыз. Сондықтан әлі ештеңе белгісіз. Мәдениет және ақпарат министрлігінің аясында нақтыланады. Жалпы жиыны неше сағаттық материалды аудару керек? Оған қанша ақша шығады? Қай арнадан көрсетеміз? Соның бәрін жылдың аяғына дейін пысықтап, бір мәмлеге келеміз», - деді ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысынан кейін.

Қанат Ысқақов ұсыныстың іске асуы бюджетті нақтылау жұмыстарының нәтижесіне байланысты екенін айтады.

«Келер жылдың бюджеті осы күзде нақтыланады. Яғни, осы жұмыстар аяқталғаннан кейін қандай мультфильмдерді аударатынымыз белгілі болады. Жалпы ол ұсыныс оң шешімін табады деп ойлаймын», - деді вице-министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу