Қазақстанда TikTok бұғаттала ма?
Фото: depositphotos.com
Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Қанат Ысқақов Сенатта TikTok-тың Қазақстандағы жұмысына тосқауыл қоятынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан TikTok әлеуметтік желісін бұғаттауды жоспарламайды. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.
«Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген»,-деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.
Сонымен қатар, ол министрлік TikTok өкілдерімен орналастырылатын контент мәселелері бойынша үнемі жұмыс істейтінін атап өтті.
Оқи отырыңыз