Журналистерге қарсы қылмыстар қатаң бақылауға алынады
БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігі мен сөз бостандығы мәселесі министрліктің бақылауында.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігі мәселесімен айрықша айналысып жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Журналистерге қатысты оқиғалардың бағасын тергеп-тексеруден кейін құқық қорғау органдары береді деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, бұл мәселеге Мемлекет басшысының өзі ерекше назар аударып отыр. Журналистердің қауіпсіздігі мәселесі министрліктің қатаң бақылауында екенін еске саламын, – деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров.
Сондай-ақ вице-министр бүгінде «Ашық НҚА» порталында «Масс-медиа туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасы талқыланып жатқанын еске салды.
Оқи отырыңыз