Мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды
Елімізде ағымдағы жылдың басынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру шеңберінде елімізде биылғы жылдың басынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова мәлімдеді.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленді, осылайша балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен қамту деңгейі 91,5%-ға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде барлығы 11,5 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді және мұнда 1 миллионға жуық бала тәрбиеленуде. Биыл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуды 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.