ШҚО-да балабақшаға қабылдау қыркүйекке дейін жалғасады
pixabay.com
Елімізде 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі 91,5%-ды құрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Қазір Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында қабылдау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасады.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 77 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін талап етілетін құжаттармен https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/820504?lang=kk сілтеме арқылы таныса аласыздар.