KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Футболдан Еуропа чемпионатында ойнайтын барлық құрама белгілі болды

Фото: UEFA Euro 2024/Facebook

27.03.2024, 14:21 92 Айжанат Бақытқызы

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысында ойнайтын барлық құрама белгілі болды. Соңғы үш жолдама Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Ұлттар лигасы С тобының финалында Грекияны жеңген Грузия Еуропа чемпионатына алғаш рет жолдама алды. Грузия жартылай финалда Люксембургті 2:0 есебімен, Қазақстанды 5:0 есебімен жеңді.
Ұлттар лигасы А тобында Уэльс пен Польша кездесуінің негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында польшалық футболшылар 5:4 есебімен жеңді. Ал В тобында Украина құрамасы Исландиядан 2:1 есебімен басым түсті.
Осылайша Грузия, Польша, Украина құрамалары Еуропа чемпионатында бақ сынайды.

А тобы:

  • Германия
  • Шотландия
  • Венгрия
  • Швейцария

B тобы:

  • Испания
  • Хорватия
  • Италия
  • Албания

С тобы:

  • Словения
  • Дания
  • Сербия
  • Англия.

D тобы:

  • Польша
  • Нидерланд
  • Австрия
  • Франция.

E тобы:

  • Бельгия
  • Словакия
  • Румыния
  • Украина

F тобы:

  • Португалия
  • Грузия
    Түркия
  • Чехия.

Еуропа чемпионаты 14 маусымда Германия мен Шотландия арасындағы матчпен басталып, финалдық ойын 14 шілдеде өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив